ҚР ІІМ Алқа отырысының 2011 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткенге үнілу

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мемлекет басшысының 2011 жылдың қаңтар айында ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес қылмысқа қарсы күресті күшейту және елдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша мақсатты бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын атап өтті.

Ішкі істер органдарының жүйесінде айтарлықтай құрылымдық  өзгерістер болды. ІІМ-ге халықты құжаттандыру және тіркеу функциялары берілді. Қазіргі уақытта мемлекеттің көші-қон саласындағы көптеген функциялары ішкі істер органдарына жүктелді.

Былтырғы жылдың шілде айында ІІМ-ге қылмыстық-атқару жүйесі қайтарылды. Осы бағытта әрбір мекемедегі қажетті тәртіпті қамтамасыз ету керек. Қылмыстық-атқару жүйесін, әсіресе сотталғандарды қамауда ұстау жағдайын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру қажет.

Мемлекет басшысының талаптары бойынша қылмыстарды тіркеудегі мемлекеттік көзқарас өзгертілді. Жыл бойы ІІМ мен Бас прокуратура бірлесіп, азаматтардың қылмыстар туралы әрбір арыздары мен хабарламаларын қарау және тіркеу, оларды толығымен тіркеу курстарын қатаң түрде ұстанды. Объективті тіркеу қылмыстың статистикалық өсуіне әкеп соқты. Іс жүзінде нақты криминалдық жағдай тұрақты. Ең бастысы, азаматтардың әрбір арызы мен өтінішін уақтылы қарау және тіркеу олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және азаматтардың әділеттікке қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында оларды онлайн режимінде прокуратура органдарына бере отырып, арыздар мен хабарламаларды тіркеудің электрондық жүйесі  енгізілді. Бұл  қылмыстар туралы хабарламаларды тіркеу мен қабылдауды ашық етеді, оларды жедел қарауды арттырады.

Бүгінгі таңда экстремизм мен террористік көріністерге қарсы күрес ұйымдасқан қылмыстың түрлеріне, есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осыған байланысты мақсатты түрде әрбір полиция бөлімшесінің әскери-қызметтік дайындық деңгейін арттырумен айналысу қажет. Ішкі  істер органдары мен ішкі әскерлер қосымша заманауи техника түрлерімен, байланыс және арнайы құралдармен жабдықтауды қажет етеді.

Қ. Қасымов ішкі істер органдары үшін еліміздегі қоғамдық тәртіпті тиімді күзету және құқық бұзушылықтың алдын алуды одан әрі дамыту басты міндет болып табылатынын атап өтті. Мұндағы негізгі роль учаскелік инспекторларға, мектеп инспекторларына, патрульдік және жол полицейлеріне жүктеледі. Еліміздің барлық тұрғылықты елді мекендерінде полицияны барынша халыққа жақындатып, қоғамдық жерлер мен көшелердегі «оқиғалар қатарынан» табылуын қамтамасыз ету керек. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын күнделікті қорғау, заңдылық пен тәртіпті қатаң түрде сақтау полицияның халыққа деген сенім деңгейін арттырады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде ІІМ-ге бірқатар тапсырмаларды іске асыру қажет. ХҚКО арқылы автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктері мен рұқсат беретін құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру керек. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Еуразполдың қызметі мен оның құрылу тетігін пысықтау қажет. Одан басқа, ішкі істер органдарының барлық жеке құрамын аттестациядан өткізу қажет.

Ведомство басшысы ІІМ жүйесіндегі көптеген қызметкерлер денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төнген жағдайға қарамастан, қызметтік міндеттерін адал және батылдықпен атқаратындығын атап өтті. Тек былтырғы жылы қызметтік міндетін атқару кезінде 28 полицей қаза болып, 50 қызметкер жарақат алды. Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің 55 қызметкері, оның ішінде 12-сі қаза тауып, қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік пен батылдық танытқандары үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *