Екібастұз қаласынан келген қалта ұрысы құрықталды

Павлодар облысының 28-жасар тумасы осы уақытқа дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған көрінеді. Алайда, түзету мекемесінің тәрбиесінен ешқандай оң нәтиже шығармаған ол, ескі әдетіне қайта басқан. Алып шаһар Алматының адам көп шоғырланатын жерлерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында әрекет еткен қаскөй осы уақытқа дейін арам жолмен 500 мың теңге пайда тапқан. Ол көбіне жалғыз-жарым жолаушылармен әйел азамттардың қалтасына кол сұққан. Тәртіп сақшыларындағы бар мәліметке қарағанда ол соңғы бір ай көлемінде өзінің арам пиғылын жүзеге асырған. Өінің қылмыстық қызметіне күнделікті шығып, тәртіп сақшыларының құрығына тез ілініп қалмас үшін қозғалыс бағытын үнемі ауыстырып отырған.

     Осыдан біраз уақыт бұрын Криминалдық полиция басқармасының тәжирбелі уәкілдерінен жасақталған топ, қалта ұрыларын қолға түсіру мақсатында халық көп шоғырланатын жерлерде, аялдамаларда жай ғана қарапайым азаматтардың кейпінде жүріп біраз ұрының қолына кісен салғанын айтқанбыз. Бұл жолы да қарапайым әдіс қалта ұрысын құрыққа түсірді. Абай даңғылымен Масаншы көшелерінің қиылысындағы аялдама кешенінде автобус күтіп тұрған 25-жасар азаматтың қалтасынан құны 160 мың теңге тұратын «Айпот» байланыс құралын жымқырып жатқан  жерінде жедел уәкілдер қолға түсірді. Заң шеңберінде оны тінту барысында баукеспе ұрының қалтасынан тағыда «Нокиа» маркалы телефон табылды. Оның айтуына қарағанда біраз минут бұрын ол 26-бағыттағы автобус ішіндегі бір бойжеткеннің қалтасынан жымқырып алған. Тергеу амалдары барысында оның қанша адамның қалтасына түсіп, қанша адамға материалдық залал келтіргендігі белгілі болады. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін ол сот алдында міндетті түрде жауап беретін болады.

 

 

Талғат Сейлбаев

Алматы қаласы ІІД Баспасөз орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *