«ҚОЛТЫРАУЫН», БІРАҚ «ГЕНА» ЕМЕС

 

«ҚОЛТЫРАУЫН», БІРАҚ «ГЕНА» ЕМЕС

Аққайың АІІБ қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған «ұяларды» ұйымдастырған және керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырған деген күдікпен Смирново поселкесінің 38 жастағы тұрғынын ұстады. Сонымен қатар, оның үйінде дезоморфин пайдаланып отырған жергілікті тұрғындар да қолға түсті.

Смирновоның 38 жасар тұрғынының үйінде полиция қызметкерлері бұрыннан есірткі заттарын пайдаланатындар ретінде есепте тұрған ер адамдарды қолға түсірді. Олардың үшеуі де шұғыл ізшілер келген сәтте есірткімен мастанған күйде болатын. Айтулары бойынша, бәрі де бұта өнімі болып табылатын, халық арасында «қолтырауын» («крокодил») деген атауымен белгілі есірткіні қолданған. Одан басқа, үйден дезоморфин құраушылары, пайдаланылған шприцтер табылды. Қазіргі уақытта қажетті сынақтар өткізілуде, олардың қорытындысы бойынша есірткі заттарын пайдалануға арналған орындарды ұйымдастыру және оларды керек-жарақпен қамтамасыз ету фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.

                                                                                                                                      СҚО ІІД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *